"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮРКИЯ АУМАҒЫНА СИРИЯНЫҢ ӘСКЕРИ ҰШАҒЫ ҚҰЛАДЫ

Дүйсенбі, 06 Наурыз 2017 07:15

 

Түркия Сирия әскери ұшақ Түркия құтқарушылары Хатай провинциясының аумағына құлаған Сирия әскери әуе көлігінің ұшқышын тапты. Ол ұшақ құлаған жерден 500 метр қашықтықта жатқан. Бұған дейін опат болған әуе көлігінің пилоты дер кезінде катапульта жасап үлгергені жарияланған еді. Үкімет әскеріне қарсы «Ахрар аш-шам» тобы оның атып түсірілгенін айтқан. Олар ұшақтың құлаған сәтін таспаға жазып, өздерінің Twitter парақшасына жариялаған.

Дегенмен Түркия билігі апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін дегенді алға тартып отыр. Әзірге әуе көлігінің құлауына не себеп болғаны нақты белгісіз. Ал табылған ұшқыш Түркия ауруханаларының біріне жеткізілді.

www.24.kz

1474 рет қаралды

Пікір жазу