"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮРКИЯДА РЕФЕРЕНДУМНЫҢ СОҢҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҚТЫ

Жұма, 28 Сәуір 2017 07:39

 

Түркияда конституциялық референдумның соңғы қорытындылары жарияланды. Елдегі Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Сади Гювеннің хабарлауынша, референдумда халықтың 51,4% конституцияға өзгерістер енгізуді қолдаған, ал 48,6% қарсы дауыс берген. Енді Түркия конституциясына 18 түзету енгізіледі. Олар президентті парламент шешімімен емес, тікелей дауыс берумен сайлауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, премьер-министр лауазымы қысқартылып, министрлерді тағайындау құқығына президент ие болады. Сонымен бірге, мемлекет басшысы парламентті таратып, төтенше жағдай енгізе алады. Еске сала кетсек, дауыс беру 16 сәуірде өтті.

844 рет қаралды

Пікір жазу