24Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

СИРИЯДАҒЫ ШИЕЛЕНІС – БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

Сәрсенбі, 03 Мамыр 2017 10:00

 

Сирия шиеленіс Түркия депутат Астана процесі Сирия мәселесіне қатысты жалғасып жатқан Астана процесі ешкімді бей-жай қалдырмайды. «Соғыстан әбден зардап шеккен сирия дағдарысын реттеуге барлық тарап мүдделі болу керек. Келіссөзге қақтығысқа қатысы бар топтардан бөлек, соғыс ошағында қалып қойған халықтардың өкілдері де қатысқаны жөн»,- дейді Түркия Парламентінің депутаты Айше Аджар Башаран.  Айше Аджар Башаран Түркия Парламентінің депутаты: - Бұл тек Сирияның ғана мәселесі емес. Тұтас аймақ дағдарыста тұр. Зардап шеккен адамдар көп, әйелдер мен балалардың жағдайы ауыр. Тіпті табиғат та қиын жағдайға душар болды. Сондықтан ғаламдық деңгейдегі күрмеулі мәселені қарумен шешу мүмкін емес. Сириядағы қақтығыстардың ортасында қалған барлық халықтың өкілдері келіссөзге қатысқаны дұрыс. Себебі зардап шеккендер өз талап-тілектерін айтуға мүмкіндік алар еді.

www.24.kz

415 рет қаралды

Пікір жазу