24Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮРКИЯ СИРИЯ АЗАМАТТАРЫН ҚОРҒАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Жұма, 05 Мамыр 2017 11:17

 

Түркия Сыртқы істер министрлігі Астана процесінің кезекті раунды бойынша мәлімдеме жасады. «Біз жанжалдасушы тараптар арасында әуе кеңістігі арқылы қолданылатын құрылғыларды қоса алғанда барлық қаруларды қолдануды тоқтату мен өңірге гуманитарлық көмектердің үзіліссіз жеткізілуін қамтамасыз етуге қатысты мәселелер көтерілген аталмыш меморандуды қолдаймыз.

Түркия қауіпсіздік пен гуманитарлық қажеттіліктер тұрғысынан алғанда сириялық азаматтарды тиімді қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға күш сала беретін болады.

Бір мезгілде Түркия саяси реттеу процесінде ақылға қонымды қадамдар жасай отырып, қазіргі таңдағы атысты тоқтату туралы режимді қолдайды»,-делінген Түркияның СІМ мәлімдемесінде. Айта кетейік, 3-4 мамыр күндері Сириядағы шиеленісті реттеу бойынша Астана процесінің төртінші раунды өтті.

Онда 2016 жылдың 30 желтоқсанында жарияланған атысты тоқтату туралы режимді қолдауға арналған саяси шешімді іздестіру жолдары қарастырылып, осыған қарай жанжалдасушы тараптар пайдалануы ықтимал сенім шаралары дайындалды. Кездесу барысында атысты тоқтату бағытында кепілгер мемлекеттер болып табылатын - Түркия, Ресей мен Иран тарапынан Сирияда, нақтырақ айтқанда, Латакия провинциясының жекелеген аймақтарында, Алеппоның бірқатар өңірлерінде, Хама провинциясында, Хомс, Дамаск/Шығыс Гута провинцияларының жекелеген бөліктерінде және Дераа мен Кунейтраның бірқатар аумақтарын қамтитын өңірлерде қауіпсіздік аймағын қалыптастыру туралы меморандумға қол қойылды.

416 рет қаралды

Пікір жазу