"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮРКИЯДА ТӨҢКЕРІС ЖАСАМАҚ БОЛҒАНДАРДЫ СОТҚА ӘКЕЛДІ

Сейсенбі, 23 Мамыр 2017 05:47

 

Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған екі жүзден астам адамды жіпке тізіп, сот  алдына әкелді.

Түркияда төңкеріс жасамақ болғандарды "мұрнынан" тізіп, сот алдына әкелді - Фото

Кеше Анкарада 221 айыпталушының соты басталды. Көш басында бірінші болып Түркияның әскери әуе күштерінің командирі, генерал Акын Өзтүірік жеткізілген.

Президент Ердоғанның бірқатар жақтастары оларды өлім жазасына кесуді сұраған. Бірақ Түркияның қолданыстағы заңы бұл жазаны тағайындауға мүмкіндік бермейді.

Бұған дейін билікке наразылық білдіріп, аштық жариялаған екі оқытушы – Нурие Гюльмен мен Семих Озакка ұсталған болатын.

Түркия билігі былтыр маусымда Фетхуллах Гүленнің бастамасымен мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен 40 мыңнан астам адамды тұтқындап, 120 мың адамды жұмысынан босатқан еді.

664 рет қаралды

Пікір жазу