"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ӘЗІРБАЙЖАНДЫҚ САЯХАТШЫЛАР КӨРМЕГЕ ТӘНТІ БОЛДЫ

Жұма, 23 Маусым 2017 08:21

 

ЭКСПО көрмесіне келген әзербайжандық саяхатшылар өз еліне ерекше әсермен оралды.Тіпті, араларында Қазақстанға қайтадан келуге ниеттілер де аз болған жоқ. Болашақ энергиясы. Астанадағы халықаралық көрменің тақырыбы дәл осындай болғанымен, бұл тек қана жаңа жасыл технологиялардың жиынтығы дегенді білдірмейді. Ол жерде бүкіл әлемнің мәдениеті, дәстүрі, яки өнері тоғысқан. Әзербайжан елінің сахатшылары ЭКСПО-дан алған әсерлерін осылай жеткізді.

Наир Алиев, тілші: -Әрине, әр ел ең озық жасыл технологияларын әкелген. Сонымен қатар олар оған өзіндік ұлттық нақышты қосуға тырысқан. Мәселен, Германия павильонынан неміс асханасының дәмін татуға болады. Чехия мамандары да өзіндік бастамаларымен ерекше таңқалдырды. Бұған қоса, саяхатшылар Астанада қауіпсіздік жоғары деңгейде екенін атап өтті. Айта кету керек, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі тарапынан көрмеге келетін қонақтардың қауіпсіздігі, жайлы климатпен қамтамасыз ету мәселесінде үлкен жұмыстар жүргізді. Әсіресе, халықаралық әуе рейстері мен жүрдек пойыздардың қатынау режиміне қатаң бақылау қойды. Жолаушылардың қосымша қатынауына да мүмкіндік тудырып отыр. Әзірбайжандық қонақтардың көрме және қала қауіпсіздігіне қатысты оң пікір білдіруі осы кезде жасалып жатқан жұмыстар нәтижесі деуге болады.

 

 

Оларға ЭКСПО қалашығындағы еріктілер тіптен ерекше әсер қалдырған.

Рамин Абдуллаев, тілші: -Қазақстан халықаралық көрмені өте жоғары деңгейде өткізіп жатыр. Бұл жерде ұйымдастырушылардың еңбегі ерен. Өз басым алып қалашықты аралауға 2 күн жұмсадым. Жергілікті тұрғындар болса, саяхатшылардан Әзербайжан павильоны жайында сұрап жатты. Жалпы Әзербайжан елінің ұлттық күні 9 шілдеге жоспарланған. Сондықтан алдағы айда көрші елден келетіндер саны одан сайын артуы мүмкін.

686 рет қаралды

Пікір жазу