20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚСТАННАН ШЫҚҚАН АЛҒАШҚЫ ПОЙЫЗ МЕРСИНГЕ ЖЕТТІ

Дүйсенбі, 06 Қараша 2017 08:14

 

Қазақстан Баку Тбилиси Карс алғашқы пойыз астық Тарихи Жібек жолын жандандыратын Баку-Тбилиси-Карс теміржолы желісі арқылы жолға шыққан алғашқы рейс Карс вокзалына келіп жетті. Қазақстаннан дақыл тасыған пойыз Мерсин портына келіп тоқтады, деп хабарлады TRT порталы. Әзербайжанның бас қаласы Бакуге шамамен 90 км қашықтықтағы Алят портында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Әзербайжан президенті Илхам Алиев, Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов және Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвилидің қатысуымен 30 қазан күні ресми түрде қызметке берілген жаңа теміржол желісінде алғашқы пойыз Түркияға келді. Түркия Республикасының Теміржолдары компаниясының бас директоры Вейси Курт Карсқа келген пойыздың Қазақстаннан жолға шығып, Алят портынан жалғасын тауып, Карсқа келіп жеткенін айтты. Курт осы жобаның әрі Түркия үшін, әрі Азия мен Еуропа елдері үшін өте маңызды екенін атап көрсетті. «Осы жоба әрі елімізді түрік республикаларымен, Қытаймен әрі Қытайды Еуропамен байланыстырады. Сондықтан еліміз һте маңызды дәлізге айналды», – деді ол. Түркия, Грузия және Әзербайжанның ортақ жобасымен салынған теміржолдың 76 километрі Түркия, 259 километрі Грузия, 503 километрі Әзербайжан жерінен өтеді.

160 рет қаралды

Пікір жазу